Ссылки доступа

ЕҚЫҰ Минск билігін жаңа президент сайлауын өткізуге шақырды


Венадағы ЕҚЫҰ кеңсесі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Беларусь билігін халықаралық талаптарға сәйкес келетін жаңа президент сайлауын өткізуге шақырды.

Ұйым баяндамасында Александр Лукашенко жеңді деп жарияланған 9 тамыздағы президент сайлауының нәтижесін жоюды ұсынған.

Баяндама авторлары сайлау процесстері бұзылғанын айтып, адам құқықтары тапталды деген пікір білдірген.

Осыған дейін БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесі Минскті адам құқықтары саласына баса назар аударуға шақырған.

ЕҚЫҰ есебі 17 елдің, оның ішінде АҚШ, Франция және Ұлыбритания өтініші бойынша әзірленген. Құжат 700-ге жуық дәйекті материалға негізделген. Минск бұл бойынша бірлесіп жұмыс істеуден бас тартқан.

9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін Беларусь астанасында және басқа қалаларында наразылық акциялары басталып, Александр Лукашенконың отставкасын талап етіп жатыр.

Полиция тарапынан күш қолдану кезінде кемінде төрт адам қайтыс болды. Жараланғандардың нақты саны белгісіз. Бүгінгі күнге дейін алты адам із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында. Батыс елдері Лукашенконы сайлауда жеңді деп таныған жоқ.

XS
SM
MD
LG