Ссылки доступа

Ташкент өзбекше күресті Олимпиада ойындары бағдарламасына қосқысы келеді


Өзбекстан үкіметі ұлттық спорт түрі – курашты 2028 жылға дейін Халықаралық олимпиада ойындары бағдарламасына қосуды көздейді. Бұл туралы республиканың әділет министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, 4 қарашада өзбек президенті Шавкат Мирзияев өзбек спорт түрін дамыту жөнінде жарлық шығарды.

Құжатта курашты 2025 жылға дейін халықаралық деңгейге көтеру тұжырымдамасы бекітілген.

Бұған қоса, 2021 жылдан бастап екі жылда бір рет облыс орталықтары, Нүкіс және Ташкент қалаларында өзбекше күрестен студенттер арасында халықаралық жарыс ұйымдастырылады; сонымен бірге шетелде Өзбекстан президентінің кубогы турнирі өтеді.

2020 жылдан бастап жыл сайын «Өзбек палуаны» республикалық жарысы ұйымдастырылады.

2021-2025 жылдар аралығында облыс орталықтарында, Нүкіс және Ташкент қалаларында кураштан шеберлік мектептері ашылады.

XS
SM
MD
LG