Ссылки доступа

Бішкекте парламент ғимаратының қоршауын алып тастай бастады


Работники муниципального предприятия демонтируют ограждение у здания парламента Кыргызстана в Бишкеке. 6 ноября 2020
Работники муниципального предприятия демонтируют ограждение у здания парламента Кыргызстана в Бишкеке. 6 ноября 2020

Бішкекте Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенеш ғимаратының қоршауын алып тастай бастады.

Қырғыз астанасының басшысы қызметін уақытша атқарушы Балбак Тулобаевтің айтуынша, парламенттің жаңа спикері Талант Мамытов осындай нұсқау берген. Қоршаудың сәуір оқиғасы кезінде қаза тапқандарға арналған ескерткіш тақталар ілінген тұсы ғана қалады.

4 қарашада Жогорку Кенеш спикері болып сайланған Талант Мамытовтың пікірінше, осы арқылы билік «халыққа жақындай түседі».

Төртінші қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтті. Ертесіне сайлау нәтижесіне келіспеген оппозициялық күштер митингіге шықты. 6 қазанға қараған түні наразы топ Ақ үйді басып алып, танымал саясаткерлерлерді түрмеден босатты.

Наразылық акциясы кезінде милиция жарық пен дыбыс шығаратын гранаталар қолданды. Соның салдарынан бірнеше адамның көзі көрмей қалды.

XS
SM
MD
LG