Ссылки доступа

Ресейдің «ЮТэйр» әуе компаниясы Душанбеге чартерлік рейстер ұшыруға рұқсат алды


Тәжікстан билігі Ресейдің «ЮТэйр» әуе компаниясына Душанбе - Мәскеу және Худжанд – Сургут бағыттары бойынша чартерлік рейстер ұшыруға рұқсат берді. Бұл туралы Ресейдің Тәжікстандағы елшілігі хабарлады.

«ЮТэйр» рейстері 7 қарашадан бастап аптасына бір мәрте ұшады. Ресей елшілігінің хабарлауынша, чартерлік рейстер ресей азаматтарына, сонымен бірге Ресейге кіруге себебі бар азаматтарға арналған. Ұшақ билеттерін әуе компаниясының сайтынан сатып алуға болады.

Тәжікстанға чартерлік рейстерді ұйымдастыру жөнінде өтінішті Ресейдің «Уральские авиалинии» әуе компаниясы да бергісі келеді, деп хабарлады елшілік.

Тәжікстан әуе қатынасын биыл наурыз айында тоқтатты. Сол кезде республиканың мыңдаған азаматы елге орала алмай қалды.

Тәжікстан мен Ресей арасындағы тұрақты әуе қатынасы қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG