Ссылки доступа

Ресейде еңбек мигранттары бір жылда 22,5 пайызға азайды


Ресейде шамамен 1,8 млн еңбек мигранты жұмыс істейді. Олар өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 22,5 пайызға азайған. Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бір жыл бұрын бұл елде 2,3 млн еңбек мигранты болған.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, патентпен жұмыс істейтін мигранттар 21 пайызға қысқарған. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Ресейде жұмыс істейтін азаматтары 26 пайызға азайған. Қазір одақ елдерінің 333 мың азаматы Ресейде жұмыс істейді. Бір жыл бұрын олар 450 мыңнан асатын.

Бұның алдында Мәскеу мэрі Сергей Собянин биыл астанада еңбек мигранттары қырық пайызға қысқарғанын айтқан. Оның пікірінше, бұл жағдай еңбек нарығына әсер етіп жатыр. «Күрес, сыпыртқы, лом ұстап, қара жұмыс жасауға мәскеуліктердің көбі дайын емес», - деп мәлімдеген Собянин.

XS
SM
MD
LG