Ссылки доступа

Қазақстанда "терроризмді насихаттады" деген айыппен сотталған тоғыздың біреуі түрмеден шықты


"Араздық туғызды" және "терроризмді насихаттады" деген айыптармен сотталған тоғыз адамның бірі - Есім Сұлейменов уақытынан бұрын бостандыққа шықты.

Өткен жылы бес жарым жылға сотталған Сүлейменов Азаттық тілшісіне түрмеден босап шыққанын хабарлады. Оның айтуынша, тәртібі жақсы болуына байланысты оның жазасы жеңілдетілген.

Қылмысты атқару жүйесінің департаменті мәліметті растады.

Алматы облысының 37 жастағы тұрғыны Есім Сүлейменов — 2019 жылы Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қаралған іс бойынша сотталғандардың бірі. Былтыр 5 тамызда аудандық сот сегіз сотталушыға түрме жазасын тағайындады. Сүлейменов Қызылорда обылысындағы жалпы режимдегі колонияға түскен.

Тоғыз күдіктінің бірі - Жұлдызбек Тәуірбековтің Алматы қалалық тергеу изоляторында денсаулығы нашарлап, екінші топтағы мүдегек санатына қосылуына байланысты, оның ісі жеке өндіріске алынған. Биыл 6 қаңтарда Тәуірбеков жеті жылға сотталды.

Іс материалдарына сенсек, күдіктілердің бірі WhatsApp мессенджерінде топ ашып, "терроризм және салафизм идеяларын насихаттаған".

2019 жылы тамызда қазақстандық адам құқықтарын қорғаушылар Нұрғалиевті, Саматовты, Мыңбасовты, Үмбетәлиевті, Ысқақовты, Әділовті, Әбдірахманов пен Сүлейменовті діни сенімі үшін қудаланғандар қатарына қосты.

XS
SM
MD
LG