Ссылки доступа

АҚШ-тағы сайлау: үш шешуші штатта Байден мен Трамп шамалас дауыс жинаған


Құрама Штаттарда 3 қарашада өтен президент сайлауының бюллетендерін есептеп жатыр. Президент қызметі үшін талас әлі біткен жоқ: президент Дональд Трамп та, демократ Джо Байден де жеңіске қажетті 270 дауыс жинаған жоқ.

Джорджия, Пенсильвания және Невада штаттарында Трамп пен Байден шамалас дауыс жинаған.

Трамп командасы дауыстарды санауда ереже бұзылғаны туралы бірнеше шағым түсірді, ал Дональд Трамптың өзі жекелеген штаттарда дауыс санауды доғаруды талап етті. Дегенмен сарапшылар Трамп командасының сотқа шағымдары сайлау нәтижесіне әсер етпейді деп есептейді.

Бұның алдында Дональд Трамп демократтар "дауыс ұрлауға талпынды" деп мәлімдеген. Бірақ президент ешқандай дәйек келтірмеген. Twitter және Facebook президенттің сөздерін "даулы" деп белгіледі.

Джо Байден болса америкалықтарды төзімді болуға, сайлау процесіне сенуге үндеді. Бұрынғы вице-президент сайлауда жеңіске жететініне сенімді.

Бақылаушылар есебі бойынша, Байден Пенсильванияда жеңіске жетпесе де, Аризона мен Невадада бірінші болуы оны сайлауда жеңіске жеткізеді.

Сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, сайлау нәтижесі демалыс күндері белгілі болады.

XS
SM
MD
LG