Ссылки доступа

Бішкекте Конституцияға өзгеріс енгізуге қарсы марш өтті


Қырғызстан астанасында 8 қараша күні "Конституция үшін" деген атпен марш өтті.

Акцияға 20-ға жуық азаматтық белсенді қатысты. Олар "Конституцияга тийбе" ("Конституцияға тиме") деген жазуы бар плакат ұстап шықты.

Белсенділер Эркиндик бульварымен жүріп өтіп, "Ала-Тоо" орталық алаңына дейін барды. Маршты ұйымдастырушылардың бірі Улан Усойун қазіргі қолданыстағы Конституцияға өзгерістер енгізуді қаламайтынын жеткізді.

22 қазанда Жогорку Кеңештің 83 депутаты Негізгі заңға парламент сайлауын келесі жылы өткізуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізіп, қатарынан үш оқылымда қабылдаған. Парламентке бұл құжат қабылданған күні түскен.

Асығыс қабылданған құжатқа сәйкес, Жогорку Кеңешке сайлау 2021 жылдың 1 маусымына дейін кешіктірілмей өтуі тиіс.

Осының алдында "Реформа" партиясы Конституциялық палатаға ел Конституциясының 38-, 63-баптарын тоқтату тұру туралы өтініш түсірген.

Президент міндетін атқарушы премьер-министр Садыра Жапаров алда Конституцияға реформа ашық талқылынады деп уәде етті.

XS
SM
MD
LG