Ссылки доступа

Өзбекстанда жарты жылда сатылмаған "сәнді" көлік нөмірлері аукционға шығарылмақ


Өзбекстанда жарты жыл бойы сатылмаған "сәнді" көлік нөмірлері арзан бағамен аукционға шығарылады. Ел үкіметі осындай шешім шығарды.

Үкімет шешіміне сәйкес, "Өзбек республикалық тауар-шикізат биржасы" АҚ ақпараттық жүйесіндегі аукцион өткізу тәртібіне өзгерістер енгізіледі.

Өзгерістерге сәйкес, алты ай бойы сатылмаған 1-2- категориялы "сәнді" көлік нөмірлері қайтадан арзан бағамен аукционға шығарылады.

Ал 4−6-категориялы нөмірлер аукционнан шығарылып, нарықтағы бағамен сатылады.

Сонымен бірге "сәнді" нөмірлі көлік иелері де аукцион арқылы нөмірлерін сатылымға шығара алады.

Биыл "сәнді" нөмірлер 6 категорияға бөлінді, бұрын үшеу болатын.

XS
SM
MD
LG