Ссылки доступа

Ташкентке жеткізілген коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаға 5 мың ерікті іздеп жатыр


Қытайдан Ташкентке коронавирусқа қарсы 5 мың вакцина жеткізілді. Қазір оларды егуге еріктілерді шақырып жатыр.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, бұл жөнінде инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахманов журналистермен кездесу кезінде айтқан.

Министрдің айтуынша, қытай вакцинасы тек Ташкенттегі отбасылық емханада жүргізіледі. Вакцина салдырғысы келетін өзге облыстың тұрғындары астанаға келуі қажет.

Вакцинаны егуді сынау 4 айға созылады. Бірер күн бұрын Ташкентке Қытайдан 4 маман келген, тағы бесеу келмек.

Вакцина тек жасы 18-ден асқандарға ғана салынады. Еріктілерге ақша төленеді.

Егер сынақ сәтті өтсе, Өзбекстан бірінші болып, вакцинаны арзан бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

XS
SM
MD
LG