Ссылки доступа

Өзбекстанда балаларға дәрумендер мен йод тегін таратылады


2021 жылдың 1 маусымынан бастап бес жасқа дейінгі балаларға дәрумендер, он жасқа дейінгі балаларға паразиттерге қарсы препараттар, 15 жасқа дейінгі балаларға йод қосылған препараттар тегін беріледі.

Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев денсаулық сақтау саласын реформалау мәселелері талқыланған жиналыста мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, кезінде бұл дәрілерді балаларға беруді тоқтату дұрыс шешім болмаған. Енді дәрумен мен йод жетіспеушілігінен туындаған ауруларды емдеу он есе қымбатқа түсіп отыр.

Жаңа жарлыққа сәйкес, аталған дәрілер мен дәрумендер аяғы ауыр әйелдер мен аналарға тегін таратылады. Құжат биыл 6 қарашада қабылданған.

XS
SM
MD
LG