Ссылки доступа

Тәжікстан аймақтарында электр қуаты үнемдеп беріледі


«Опять сидим без света»

Тәжікстан аймақтарында тұрғындар электр қуаты таңертең сағат 8-де сөніп, түстен кейін сағат 17-де ғана берілетініне шағымданды.

Душанбе қаласынан 20 шақырым жердегі Шахринау ауданында тұратын Шарифа Гуломова тамақты ошаққа пісіруге мәжбүр. "Жарық жоқ, отын да жоқ, сол себепті ағаштың жапырағын жағып отырмын. Одан шыққан түтіннен тамағың ауырып, көзіңе жас келеді", - дейді келіншек.

Әлеуметтік желі қолданушыларының хабарлауынша, қазір Хатлон және Соғды облыстарындағы барлық дерлік аудан жарықсыз отыр. Электр қуаты бұл аудандарда кешке ғана беріледі. Тұрғындар 31 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның инаугурациясынан ертесіне жарық сөне бастағанын айтты. Мемлекет басшысы электр қуатымен толық қамтамасыз етуге уәде берген еді.

"Барки точик" компаниясының баспасөз хатшысы Нозирджон Ёдгоридің Озоди радиосына хабарлауынша, қазір электр желілерін қысқа дайындау жұмыстары жүріп жатыр, жарық сол себепті сөніп жатқан болуы керек. "Жөндеу жұмыстары тағы бір апта созылады", деді компания өкілі.

XS
SM
MD
LG