Ссылки доступа

Әлемде 50 миллион адам коронавирус жұқтырған


Транспортировка больного COVID-19. Чехия
Транспортировка больного COVID-19. Чехия

Әлемде коронавирус эпидемиясы басталғалы бері 50 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Бұл мәліметті америкалық Джонс Хопкинс университеті таратты.

АҚШ-та шамамен 10 миллион адамның коронаврус жұқтырғаны анықталды. Екінші орындағы Үндістанда шамамен 8,5 миллион адам вирус жұқтырған. Ресей мен Франция 4-5 орындарды бөлісті - бұл елдерде шамамен 1 миллион 750 мың адамнан коронавирус анықталды.

Әлемде 1 миллион 250 мың адам коронавирустан қайтыс болды. 35 миллионнан астам адам аурудан айыққан. Қазір 14 миллион адам коронавируспен ауырып жүр.

Коронавирус ауруының жаңа түрі өткен жылы желтоқсан айында Қытайда тіркелді. Ухань және басқа да қалалар карантинге жабылды. Дегенмен ауру әлемнің басқа елдеріне тез таралып кетті.

Әлем елдері коронавирус вакцинасын дайындап жатыр, бірақ олардың ешқайсысы сынақтың барлық кезеңінен өткен жоқ.

XS
SM
MD
LG