Ссылки доступа

Өзбекстан "мигранттар салық төлейді" деген ақпаратты теріске шығарды


Өзбекстанның әділет министрлігі 2021 жылдан бастап еңбек мигранттары салық төлейді деген ақпаратты теріске шығарды.

"Өзін жұмыспен қамтамасыз еткен адамдар қосымша құн салығын төлемейді. Ал әлеуметтік салық зейнетақы алғысы келсе ғана керек", - делінген мекеме мәлімдемесінде.

Ел президентінің еңбек мигранттарына қатысты қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелде жұмыс істейтін өзбекстандықтар өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендер қатарында саналады.

Осы ақпарат жарияланғаннан кейін, әлеуметтік желілерде еңбек мигранттары да мемлекетке салық төлей бастайды деген ақпараттар шыға бастады.

XS
SM
MD
LG