Ссылки доступа

Бішкекте "саяси тұтқындарға" қатысты соттың ашық өтуін талап еткен пикет өтті


9 қарашада Бішкекте Жогорку Кеңеш ғимараты алдында пикет өтті. "Әйелдер қозғалысы" мүшелеріміз деген олар заңсыздыққа қарсы аштық жариялағанын мәлімдеді.

Әйелдер "Уақыт келеді, сот та жауап береді", "Ашық сотты талап етеміз!", "Конституциядан қолыңды тарт!" деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды.

Акцияға қатысушы Асылгүл Эдилова экс-президент Алмазбек Атамбаевтың саяси тұтқын екенін айтып, оның ісі сотта ашық қаралуы тиіс деп мәлімдеді.

"Кешелі бері біз аштық жарияладық. Акцияны 2 қарашада бастаған болатынбыз. Бірақ ешкім мән бермеді. Ең бастысы Алмазбек Атамбаевқа және өзге де саяси тұтқындарға қатысты әділдік болуын талап етеміз. Екіншіден, тез арада парламент сайлауы өтуі тиіс. Қазіргі отырған депутаттарға ешкім сенбейді", - деді ол.

Пикетті ұйымдастырушылар 5 талап қойғанын, оны Жоғарғы сот басшылығына жәбергенін мәлімдеді.

11 жылға сотталған елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев таяуда ғана №47 түзеу колониясына ауыстырылған. Оған дейін оны ҰҚК абақтысынан №1 тергеу абақтысына ауыстырған еді.

Атамбаев қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз босатты деп сотталған. Ол сонымен бірге Койташ оқиғасына байланысты күдікті қатарында. Оқиға 2019 жылдың тамыз айында болған. Атамбаевты ұстау операциясы кезінде бір офицер қаза тауып, ондаған адам жараланған. Бұл іске қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG