Ссылки доступа

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы көне сәулет ескерткіштері жойылу алдында тұр


Өзбекстанның мәдени мұрасы қатарында саналатын Қашқадария облысының Яккабаг ауданындағы байырғы жеті төбе жойылу алдында тұр.

Октоштепа, Сандалтепа, Хабартепа, Довзатепа және Киндиктепа деп аталатын байырғы төбелерге жергілікті тұрғындар үй салып, кәсіпкерлер кірпіш өндіру үшін ол жерден экскаватормен құм қазып жатыр.

"Бұдан бөлек мәдени мұра орналасқан аймақтан жергілікті тұрғындарға үй салу үшін жер бөліп беріп жатыр", - дейді Қашқадария облысына барып келген сәулетші Абдумалик Турдиев.

Елдің мәдениет министрлігі "байырғы төбелерді сақтап қалу үшін" Қашқадария облысына арнайы комиссия жіберетінін мәлімдеді.

"Қазір біз мұның алдын алу үшін құқық қорғау органдарымен сөйлесіп жатырмыз. Қазір олар өлкедегі барлық мәдени мұраға енетін нысандарды тексеруді бастады", - деді министрліктің өкілі.

XS
SM
MD
LG