Кргановтың сөзінше, Мәскеуге келген мигранттар "ешкіммен кеңеспей" өз алдына әрекет етеді.
Мүфти мысал ретінде француз елшілігі алдында мигранттардың рұқсат етілмеген митингісін келтірді. Олар сол жерде Франция президенті Эммануэль Макронның суретін жаққан. Ол Ресейге келіп жатқан мұсылман мигранттарға бақылауды күшейту керек деді.
Қазан айының соңында Мәскеудегі француз консулдығы алдында мигранттар бірнеше күн қатарынан наразылық шарасын ұйымдастырды.
Олар Charlie Hebdo журналында жарияланған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына және Франция президенті Эммануэль Макронның мәлімдемесіне қарсы шықты. Француз елшілігі Ресей аумағында тұрып жатқан азаматтарына қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.
Осыған дейін Түркия президенті Ердоған Макронды нәсілшіл деп айыптаған. Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Франция президенті "мұсылмандарды теракт жасауға шақырып жатыр" деген. Ал Шешенстан мүфтиі Салах Межуев оны "мұсылмандардың жауы" деп атады.
Ал Ресей жоғарғы мүфтиі Талғат Тажуддин Мұхаммед пайғамбар карикатурасын "бос нәрсе" деп айтып, ол үшін соғысудың қажеті жоқ деп, Мұхаммед пайғамдардың өзі бұған кешіріммен қараушы еді дегенді айтты.
16 қазанда Париж түбінде этникалық шешен тарих пәнінің мұғалімін сөз еркіндігі тақырыпбында Charlie Hebdo журналында жарық көрген Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткені үшін өлтірді. Франция президенті бұл әрекетті қатты айыптады.