Ссылки доступа

Қазақстанда балалар үйінің тәрбиеленушілері пәтерді он жылдап күтеді (видео)


Қазақстанда балалар үйінің тәрбиеленушілері мемлекеттен пәтер алу үшін он жылдап кезекте тұрады. Бірақ көбі заңға сәйкес өзіне тиесілі пәтерді ала алмай жатады.

Людмила Амбросова кезегі қашан келетінін білуге барғанда оған үнемі "күтіңіз" деп жауап береді. Ол өзгелердің күтіп жүргеніне он жылдан асты, қазір көбі бала-шағалы болды дейді.

Сироты в Казахстане ждут законного жилья по 10 лет
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

"Аудандық әкімдікке барған сайын маған "Барып жұмыс істе" деп жауап береді. Мен кішкентай балам бар десем, "қол-аяғың бар, жұмыс істе" деп жауап береді",- дейді Людмила.

"НеМолчиСирота" қоғамдық қорының жетекшісі Руслан Турысбек елде мұндай тағдырдағы адамдар мыңдап саналады дейді.

"Олар жылдап кезекте тұрады. Жақында балалар үйінің тәрбиеленушісінің бірі мемлекеттік пәтер ала алмай қаза болды, ол өзіне қол жұмсады. Оған дейін барлық тиісті орындарға хабарластық, ешқайсысы оң жауап бермеді", - дейді қордың жетекшісі.

Бірер күн бұрын Құрылыс, тұрғын үй және коммуналдық шаруа істері бойынша комитет жетекшісі Мархабат Жайымбетов 15 жыл ішінде салынған үйлердің саны 2,5 есеге көбейгенін мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл салаға салынған инвестиция көлемі алты есеге өскен.

Қазір Қазақстанда жарты миллионнан астам азамат тұрғын-үйде кезекте тұр. Олардың 60 мыңнан астамы ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетімдер.

XS
SM
MD
LG