Ссылки доступа

UzAuto Motors компаниясы Chevrolet Equinox автокөлігін 50 пайыз қымбатқа сатып жүр


UzAuto Motors компаниясы АҚШ-тан импортталған Chevrolet Equinox автокөлігін 33,6 мың долларға сатады, ал оны 22,8 мың долларға сатып алады, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Мемлекеттік сатылым сайтының мәліметтеріне сүйенген басылымдардың хабарлауынша, UzAuto Motors компаниясы 2019 жылдың 27 қарашасында АҚШ-тың General Motors Distribution LLC компаниясымен келісіп, 199,9 миллион долларға Chevrolet Equinox автокөліктерін сатып алуға уағдаласқан.

Келісімде бір автокөліктің бағасы 22,8 мың доллар деп келісілген. Сатып алушы оны тасымалдау шығынын өзі көтереді.

«Өзбекстанда Chevrolet Equinox автокөлігі 33,6 мың доллардан сатылады, яғни компания оның үстіне 10,8 мың доллар қосады», - деп хабарлады өзбекстандық БАҚ.

XS
SM
MD
LG