Ссылки доступа

Қырғыз медиасы Жапаровты тәуелсіз БАҚ мәртебесін мойындауға шақырды


Қырғызстанның медиа ұйымдары президент міндетін атқарушы Садыр Жапаровтың баспасөз күнінде айтқан мәлімдемесіне қатысты алаңдаушылық білдірді.

Коронавирус пандемиясы азаматтарды ақпаратпен қамтамасыз етуде БАҚ-тың маңызы үлкен екенін көрсетіп берді. Вирус жұқтыру қаупіне қарамастан, журналистер өз міндетін адал атқарып, елде болып жатқан маңызды оқиғалар туралы хабар таратып келеді.

Ақпаратты бұрмалап көрсетуге қатысты мәлімдемеде нақты фактілер айтылмаған. Дегенмен Садыр Жапаров жақтастарының бұл мәлімдемені қалай қабылдағанын әлеуметтік желілерден байқауға болады. Енді ол бұл ақпарат құралдарына сенбеу керек деп есептейді. Бұған қоса, журналистерді әлеуметтік желілерде қорқыту-үркіту жүріп жатыр.

«Президент міндетін атқарушы адамның мұндай мәлімдеме жасауы – жауапсыздық және журналистер үшін өте қауіпті» делінген медиа ұйымдар мәлімдемесінде.

Олар мемлекет басшысын тәуелсіз БАҚ маңызын мойындап, журналистер атына кір келтіретін мәлімдеме жасамауға шақырды.

XS
SM
MD
LG