Ссылки доступа

Өзбекстанда ер адам пойыз жүретін жолда ұйықтап қалған


Хива-Ташкент пойызы жол бойында ер адамның ұйықтап қалғанына байланысты 16 минөтке кешікті деп хабарлайды ІІМ жанындағы көлік қауіпсіздігі бас басқармасы.

8 қараша күші кешкісін 18:35 шамасында "Ургенч" локомотив депосының кезекшісі полицияға "Богот – Хазарасп" темір жол бойында 357 шақырым жерде белгісіз адамның ұйықтап жатқанын хабарлаған.

Ер адамның 1981 жылы туған Хорезм облысының "Пичокчи" ауылының тұрғыны екені анықталған. Ол мас күйінде темір жол бойында қалғып кеткен.

Пойыз 16 минөтке тоқтап, қайта жүрген. Бұл іске байланысты тексеру жүріп жатқаны айтылады.

XS
SM
MD
LG