Ссылки доступа

Өзбекстанда жұмысшылары жаппай тәртіпсіздік орнатқан компания Бангладештен мамандар алдыртқан


Өзбекстандағы Enter Engineering компаниясы Ташкентке арнайы рейспен Бангладештен 239 жұмысшы алып келген.

Бангладеште жарық көретін Daily Star газетінің жазуынша, үш чартерлік рейспен жалпы 888 жұмысшы Өзбекстанға жеткізіледі.

Олар келесі аптада Enter Engineering компаниясының Өзбекстанда салынып жатқан GTL ( сұйық отын) зауытының құрылысына жұмысқа кіріседі.

Enter Engineering қызметкерлерінің сөзінше, Бангладештен келген жұмысшылар қазір Гузар ауданында COVID-19 вирусына қарсы карантинде жатыр.

21 қазанда аталған компания жұмысшылары жаппай наразылық акциясына шыққаны хабарланған.

Айлық төлемеді, уақытында тамақ бермеді деп басшыларына қарсы шыққан наразылық акциясының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Осыдан кейін жүздеген жұмысшының жұмыстан шығарылғаны хабарланды.

Enter Engineering компаниясының кадрлар бөлімінің өкілімін деп таныстырған шенеунік Бангладештен келген жұмысшылардың жаппай тәртіпсіздікке еш қатысы жоқ екенін жеткізді.

"Зауыт құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жоспарға сәйкес құрылғыларды жабдықтауға Бангладештен арнайы мамандар келуі керек. Олар "қара жұмысшылар" емес. Арнайы кәсіби мамандар. Олардың келуі өзбек жұмысшыларына еш қатысы жоқ", - деді компания өкілі.

Ресми мәлімет бойынша, компания қожайыны - 45 жастағы Самарқанд тумасы Бахтиёр Фозилов.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Фозиловқа бұдан бөлек Кипрlе тіркелген Surma Gas Chemical Operating Company мен Altmax Holding Ltd компаниясының 75 процент акция пакеті тиесілі.

XS
SM
MD
LG