Ссылки доступа

Түркіменстанда дағдарыс кезінде қан тапсырушылар көбейді


Түркіменстанда коронавирус пандемиясы кезінде табыс көзінен айрылған тұрғындар қан өткізіп, пайда табуға мәжбүр. Бұл туралы Азатлык радиосының Лебаптағы тілшісі хабарлады.

«Түркіменабадтағы облыстық аурухана мен Фарап аудандық аурухананың қан тапсыру орталығына күнде ондаған адам жиналады», деп хабарлады тілші.

Оның айтуынша, донорлар бір грамм қанға 2 манат алады. «Қан тапсырушылардың барлығы дерлік жұмыссыз. Олар қан тапсырып, содан түскен ақшаға азық-түлік сатып алады».

«Мен үш мәрте 250 грамм қан тапсырдым. 1000 манат берді. Ақшаға азық-түлік сатып алдым», - дейді Эркин есімді донор. Орталық банк бағамы бойынша, бір доллар 3,5 манат тұрады.

Түркіменстанда үш жылдан бері экономикалық дағдарыс болып жатыр. Коронавирус пандемиясы кезінде шекаралар жабылып, аймақ арасында қатынас тоқтады. Онсыз да титықтаған халықтың жағдайы одан сайын ауырлады. Елде азық-түлік жетіспейді. Мемлекеттік дүкендерде кезек арылмайды, бірақ мұнда да азық-түлік тез бітіп қалады.

XS
SM
MD
LG