Ссылки доступа

Ереванда билікті күшпен басып алуға үндеді деген айыппен алты адам ұсталды


Армения мен Әзербайжан бейбет келісімге отырған соң, Ереванда келісімге наразы топ шеруге шықты. Билікті күшпен басып алуға үндеді деген айыппен алты адам ұсталды.

Бұл туралы фейсбукте Армения үкіметі аппаратының басшысы Эдуард Агаджанян хабарлады.

Ұсталған алты адамның екеуі Армения парламентінің спикері Арарат Мирзоянға жасалған шабуылға қатысқан, деді Агаджанян. Оның мәлімдеуінше, күдіктілер заңмен қатаң жазаланады.

Таулы Қарабақтағы соғыстың тоқтауына қарсы шыққандар 10 қарашада түнде Армения үкіметінің ғимаратына кірді. Соның алдында ғана Армения, Әзербайжан және Ресей президенттері Таулы Қарабақтағы соғысты доғару туралы келісімге отырған.

Хабарларға қарағанда, наразы топ парламент спикері Арарат Мирзоянды автокөліктен шығарып, оны соққыға жыққан.

XS
SM
MD
LG