Ссылки доступа

Ферғанада Сох оқиғасына байланысты 22 адамға сот отырысы басталды (видео)


Ферғанада Сох ауданындағы оқиғаға қатысы бар деп айыпталып жатқан 22 адамның ісі бойынша сот басталды. Бұл туралы 11 қарашада "Дарё" газеті хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, алғашқы сот отырысы 9 қарашада Ферғана облыстық сотында өткен. Карантин шектеулеріне байланысты сот залына әрбір айыпталушының екіден ғана жақын туысы кіргізілді. Келесі отырыс 16 қарашаға белгіленді.

Бұл іс аясында 22 адамға, оның ішінде кәмелетке толмаған екі жасөспірімге "Билік өкілін қызметтік міндеттерін атқармауға мәжбүрлеу" және "Жаппай тәртіпсіздік" баптары бойынша айып тағылған.

Биыл 31 мамырда Қырғызстанның Чечме ауылы мен Өзбекстанның Сох ауданы Чашма ауылының тұрғындары арасында бұлаққа таласып, жанжал шыққан. Онда 187 өзбекстандык әртүрлі жарақат алған, оның үшеуіне оқ тиген. Бірнеше үй өртенген.

Ферғана облысының әкімі Шухрат Ганиев пен Сохтың бұрынғы әкімі оқиға болған жерге барғанда, жергілікті тұрғындар наразылық білдіріп, оларға тас лақтырған.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі қырғыз тараптан 25 адам жарақат алғанын, төртеуі өте ауыр болып, аураханаға жатқызылғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG