Ссылки доступа

Тәжікстанда ірі көлемде электр энергиясын ұрлау схемасы анықталды


"Барки точик" энергохолдинг

Тәжікстанда "Душанбе электр желілері" компаниясының қызметкерлері 68 миллион сомони (6 миллион доллардан астам) болатын 150 миллион кВт/сағат электр энергиясын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, компанияның лауазымды қызметкерлері тұрғындардың коммуналдық түбіршектеріне пайдаланылмаған 100 мыңдаған кВт/сағат электр энергиясын жазып, кейін оларды "сыйлыққа берілді" деп есептеп шығарып, кейін басқа қолданушыларға арзан бағаға сатып келген.

Тәжікстанның Бас прокуратурасы бұл іске қатысты арнайы тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді. Мекеме мәліметіне қарағанда, тергеушілер тобы елдің барлық аймақтарындағы электр энергиясын ұрлау фактілерін тексереді.

Қазір "Душанбе электр желілері" компаниясы кіретін "Барки точик" энергохолдингінің жалпы қарызы 2,5 миллиард долларды құрайды.

Наурызда Дүниежүзілік банк "Барки точик" компаниясының қаржылық жағдайын жақсарту үшін 134 миллион доллар көлемінде грант бөлген. Қаржы ұйымының 90 парақтан тұратын баяндамасында электр энергиясының тарифтері қымбаттамаса, "Барки точик" қаржылық жағынан тұрақты болмайды деп атап өтіп, 2025 жылға қарай тарифтер холдингтің барлық шығындарын жабатындай болуы керек деп жазылған.

XS
SM
MD
LG