Ссылки доступа

Ресей билігі еңбек мигранттарына арналған квота санын қысқартты


Иллюстративное фото

Ресей үкіметі шетел азаматтарының және азаматтығы жоқтардың федерация аумағында уақытша тұруына рұқсат беретін квота санын қысқартты. Үкімет қаулысына премьер-министр Михаил Мишустин қол қойды.

Ресми интернет-порталда жарияланған құжатта 2021 жылы 39325 квота бөлінген. Ол биылмен салыстырғанда 21 мыңға азайған. Квота Мәскеу мен Петербург қалаларына, Мәскеу облысына көп бөлінді.

Квота санының қысқару себебі хабарланбады. Сарапшылар мен диаспора өкілдерінің пікірінше, квота бөлу жергілікті жемқор шенеуніктердің табыс көзіне айналған.

Пермь облысының Қоғамдық палатасының мүшесі Рахматулло Мазориевтің айтуынша, олар бұл мәселені Ресей президенті Владимир Путинге де жеткізген.

Квота санының қысқаруымен бірге тәжік мигранттарының Ресей азаматтығын алу мүмкіндігі де азая түседі.

2010 жылғы халық санағы бойынша, 250 мың тәжікстандық Ресей азаматтығын алған. Одан кейінгі жылдары бұл үдеріс арта түскен. Мысалы, 2019 жылы 44,7 мың тәжікстандық Ресей азаматтығын алған.

XS
SM
MD
LG