Ссылки доступа

Қырғыздың арнайы қызметі үкімет аппаратының жетекшісі ұсталғанын растады


Қырғызстанда үкімет аппаратының бұрынғы жетекшісі Самат Кылжыев ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы комитеттінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылы мамырда Қырғызстанда «Билайн» ұялы операторы брендімен таныс «Скай Мобайл» компаниясы радиожиеліктерді заңсыз сатып алғаны жөнінде жанжал шықты. Жогору Кенеш депутаты Жанарбек Ақаевтың мәлімдеуінше, «Билайн» 200 МГц жиелігіне ие AlaTV компаниясын 1 млн 800 мың долларға сатып алған. 2020 жылдың наурызында жиеліктің жаңа қожайыны оны 4G интернет тарататын жиелікке алмастырғысы келген.

Депутаттың мәлімдеуінше, «Билайн» 200 МГц жиелігін бар болғаны 700 сомға сатып алған. Ақаевтың пікірінше, компания бұл жиелікті заңсыз алған, сол арқылы мемлекетке нұқсан келтірген. Депутат жемқорлық әрекетке премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиевтың қатысы барын мәлімдеген.

Абылгазиев 15 маусымда премьер-министр қызметінен кетті. 20 қазанда қаржы полициясы бұрынғы премьер Мұхаммедкалый Абылгазиевке Қырғызстаннан кетуге тыйым салынғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG