Ссылки доступа

Сох оқиғасы бойынша күдіктілер басына «қара қап» кигізіп алып кеткенін мәлімдеді


Өзбекстанның Ферғана облыстық сотында биыл мамырда Сох ауданында болған оқиға жөнінде сот болып жатыр. 22 адамға айып тағылған.

Биыл 31 мамырда Қырғызстандағы өзбек анклавында «Чашма» бұлағы үшін болған қақтығыстан ондаған адам жараланды.

Сох тұрғындары мен қорғаушы Баходыр Элибоевтың айтуынша, айыпталушылардың тоғызы қамауда, қалған 13-і үйқамақта отыр.

Күдіктілер басына «қара қап» кигізіп алып кеткенін айтты. Оларды ұстаған белгісіз адамдар күдіктілерді Ферғанаға жедел жәрдем көлігімен жеткізген.

31 мамырда Өзбекстан мен Қырғызстан тұрғындары бұлақ суы үшін таласып, арты қақтығысқа ұласқан. Үш ай өткен соң ондаған адам ұсталып, оларға айып тағылған.

Ресми мәлімдеме бойынша, қақтығысқа мыңнан астам адам қатысқан. Куәгерлер 4 мың адам бір-біріне тас атқанын айтты. Бірнеше үй өртенді.

9 қарашада сот залына 22 айыпталушы жеткізілді. Олардың тоғызы сотқа дейін Ферғанадағы колонияда отырған.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қақтығыстан 25 қырғыз азаматы жараланды. Олардың төртеуі ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді.

XS
SM
MD
LG