Ссылки доступа

Садыр Жапаров: Конституция жобасында депутаттарды 90-ға қысқарту ұсынылды


Қырғызстан президенті қызметін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаров 12 қарашада баспасөз конференциясын өткізіп, конституциялық реформаға қатысты сауалдарға жауап берді.

«Жобада бір мандаттық және партиялық жүйе болатыны жазылған. 55 депутат партия арқылы өтсе, қалғаны бір мандаттық жүйемен сайланады», - деді Садыр Жапаров.

Еске салайық, 22 қазанда Жогорку Кенеш депутаттары конституциялық заңға өзгерістерді бір ғана жиналыста үш оқылымда қабылдады. Соның негізінде Конституцияны өзгертуге және парламент сайлауын келесі жылға қалдыруға мүмкіндік ашылды.

Қырғызстанда 4 қазанда парламент сайлауы өтті. Оның нәтижесіне көңілі толмағандар митинг ұйымдастырды. Наразылық акциясы тәртіпсіздікке ұласып, елде билік ауысты.

XS
SM
MD
LG