Ссылки доступа

Ауғанстанда Азаттық журналисі мінген көлік жарылды


Мина қойылған журналист көлігі жарылып кетті, 12 қараша, 2020 жыл.
Мина қойылған журналист көлігі жарылып кетті, 12 қараша, 2020 жыл.

Ауғанстанда Азаттық радиосы ауған қызметінің журналисі қаза тапты. Илиас Даеидің көлігіне мина қойып, жарып жіберген.

Қастандық 12 қарашада таңертең Лашкаргах қаласында жасалған деп хабарлайды Азаттықтың ауған қызметінің жетекшісі Сами Махди.

Жарылыстан тағы үш адам зардап Теккен: журналистің бауыры және жолда кетіп бара жатқан екі адам, оның біреуі кішкентай бала. Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім алмады.

Ауғанстан президентінің ресами өкілі Сиддик Сиддики қайғылы оқиға жайында "Даеи отбасына және ауған медиа қауымдастығына қайғырып көңіл айтамын. Қастандықты сөзсіз сөз бостандығының жаулары жасады" деп жазды твиттер парақшасына.

Журналистке қастандық бұрынғы тележүргізуші Яма Сиавашты өлтіргеннен кейін бес күннен соң жасалынды. Ол мінген көлік те жарылған болатын.

Ауғанстанда 20 жыл ішінде бірінші рет үкімет пен "Талибан" қозғалысы бейбіт келісімге келсе де, соңғы айларда террористік актілер тоқтамай тұр.

Жыл соңына дейін америкалық әскер толық Ауғанстаннан кетуі тиіс. Мұндай келісім Вашингтон, Ауғанстан үкіметі және "Талибан" қозғалысы арасында болған.

XS
SM
MD
LG