Ссылки доступа

Еуроодақ Тәжікстанды адвокат Ёровты босатуға шақырды


Еуропалық одақ Тәжікстан билігін тәуелсіз БАҚ-қа қысым жасауды тоқтатып, саяси тұтқындарды босатуға шақырды.

Еуропалық одақ (ЕО) пен Тәжікстан арасында Адам құқықтары жөнінде жыл сайын өткізілетін кезекті диалог болды. Бұл жолы диалог коронавирус пандемиясына байланысты видеоконференция режимінде өтті.

Тәжікстандағы ЕО өкілдігі таратқан ақпаратқа қарағанда, диалог кезінде адам құқықтары, сөз бостандығы, діни сенім бостандығы, зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер құқығын қорғау мәселелері көтерілген.

Сонымен бірге Тәжікстан түрмелеріндегі жағдай да талқыланған. Соңғы екі жылда түрмелерде екі рет қанды оқиға болды. Бірінші рет Худжанд абақтысында орын алған бүлікте 21 жазасын өтеуші мен екі күзетші қаза тапқан. Екінші рет былтыр Душанбе түбіндегі түрмедегі бүлік кезінде 29 тұтқын өлтірілген және үш қызметкер қаза тапқан.

Диалог кезінде ЕО Тәжікстан билігін адвокат Бузургмехр Ёровқа түрмеде жасалынып жатқан қысымды тоқтатып, оны босатуға шақырған.

Адвокат Бузургмехр Ёров 2015 жылы ұсталып, 28 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол Тәжікстанда тыйым салынған Исламның қайта жаңғыруы партиясы жетекшілерінің адвокаты болған.

XS
SM
MD
LG