Ссылки доступа

Ереванда ұсталған оппозиция лилерлері босатылды


Арменияда премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап етіп жатқан 17 оппозициялық күштің өкілдері Ұлттық қауіпсіздік қызметі алдында митинг өткізіп, ұсталған лидерлерін босатуды талап етті.

"Гүлденген Армения" партиясының өкілі, парламент депутаты Наира Зограбян лидерлерінің ұсталуын саяси қуғындау деп атады деп хабарлайды Азаттықтың армян қызметі.

12 қараша күні кешкісін Республикалық партия өкілі Эдуард Шармазанов, "Дашнакцутюн" партиясының мүшесі Гегам Манукян және "Отан" партиясының лидері, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы директоры Артур Ванецяннің босатылғаны мәлім болды.

Олар сәрсенбі күні болған наразылық шараларынан кейін бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды деп ұсталған.

Ереванда 10 қарашада Армения премьер-министрі Пашинян Ресей және Әзербайжанмен Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы келісімге келгеннен кейін жаппай наразылық шаралары басталды. Елдің оппозиция өкілдері ондағы кейбір аймақтарды Әзербайжанның иелік етуіне қарсы болып жатыр.

XS
SM
MD
LG