Ссылки доступа

Тәжікстан құрамасы БАӘ командасымен жолдастық кездесуде жеңілді


Фото Федерации футбола Таджикистана
Фото Федерации футбола Таджикистана

Футболдан Тәжікстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен жолдастық кездесуде жеңілді (2:3). Тәжік футболшылары 2:0 есебімен жеңіп жатып, үш гол жіберіп алды.

Ойын 12 қарашада Дубайдағы «Забиль» стадионында өтті. Матчтың 20-минутында Тәжікстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіп жатты – голдарды Давронжон Эргашев пен Комрон Турсунов соқты. Алайда тәжік футболшылары есептегі басымдықты ұстап тұра алмады – алаң иелерінің шабуылшысы Әли Ахмед Мабхоут Мохсен Әл-Хаджери екі гол соқса, қосымша минуттарда Әли Салех Амро жеңіс голының авторы атанды.

Еске салайық, Тәжікстан құрамасы Дубайда осымен екінші мәрте қатарынан ұтылып отыр – 7 қарашада Бахрейн құрамасына жолдастық кездесуде есе жіберген (0:1).

XS
SM
MD
LG