Ссылки доступа

Доолот Сыдыков «Манас» эпосын 14 сағат бойы үздіксіз жырлады


Доолот Сыдыков 12 қарашада, Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін, «Манас» эпосын 14 сағат 27 минут бойы жырлады. Ол эпосты таңертең бастап, түнде ғана бітірді.

Сыдыков Бішкектің Ала-Тоо алаңына орнатылған шыны киіз үйдің ішінде отырды.

Дүниежүзілік Гиннестің рекордтары күні жыл сайын қарашаның төртінші бейсенбісінде атап өтіледі. Гиннестің рекордтар кітабына Қырғызстаннан дәрігер Мамбет Мамакеев ұзақ уақыт бойы хирург болып істегені үшін кірді. Бұған қоса, 2018 жылы Қырғызстанда дайындалған шамамен 1,5 тонналық бешбармақ әлемдік рекорд деп танылған.

XS
SM
MD
LG