Ссылки доступа

Өзбекстанда халық санағын 2023 жылға ауыстырды


Өзбекстанда халық санағын 2022 жылдан 2023 жылға ауыстырды. Үкімет 11 қарашада осындай үкім шығарды, деп хабарлады Мемлекеттік статистика жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

«Ауқымды, үлкен еңбек пен қаражатты қажет ететін халық санағына дайындыққа 2-3 жыл кетеді», - делінген хабарламада.

Президенттің 2019 жылдың 5 ақпанындағы жарлығымен, халық санағын 2022 жылы өткізу жоспарланған.

Мемлекеттік статистика жөніндегі комитеттің хабарлауынша, әлемде көптеген ел коронавирус пандемиясына байланысты халық санағын кейінге қалдырып жатыр. Комитет Арменияны, Қазақстанды және Ресейді мысал ретінде келтірді. Бұл елдер халық санағын 2020 жылдан 2021 жылға ауыстырған.

XS
SM
MD
LG