Ссылки доступа

CISA сарапшылары АҚШ-тағы сайлауда заң бұзушылық таппады


Сторонники действующего президента США Дональда Трампа
Сторонники действующего президента США Дональда Трампа

АҚШ президенті сайлауындағы қауіпсіздікке жауап беретін федералдық мекеменің жоғары лауазымды шенеуніктері сайлаушылардың дауысын басқа бір кандидатқа есептеп жіберген деген шағымға дәлел таппады.

Олар Дональд Трамп пен республикашылардың бюллетендердің жоғалуы мен дауыстарды дұрыс есептемеу кесірінен демократ Джо Байденнен ұтылып қалдық деген уәжін жоққа шығарды. Бұл туралы «Америка дауысы» хабарлады.

«3 қарашада өткен сайлау АҚШ тарихындағы ең қауіпсіз сайлау болды», - деп мәлімдеді Компьютерлік және инфрақұрылым қауіпсіздігі жөніндегі агенттіктің (CISA) мәлімдемесінде. Мәлімдемеге штаттардағы сайлау комиссияларының және дауыс санау технологиясын ұсынушы компаниялардың жетекшілері қол қойды.

«Дауыс беру жүйесінде қандай да бір дауыстың жоғалуына, оны әдейі есептемей тастағанына немесе жарамсыз болып қалуына ешқандай дәлел жоқ», - делінген мәлімдемеде.

Мәлімдеме жарияланардан алдын Дональд Трамп дауыс беру технологиясын дайындаған компания Трампға берілген 2,7 миллион дауысты «алып тастап», есесіне Байденге жүздеген дауыс «қосып берген» делінетін негізсіз уәжді ретвиттеген.

Дауыс беру құрылғысын шығарған Dominion Voting Systems компаниясы, Пенсильвания штатының кеңсесі Трамп уәжін жоққа шығарды.

Соған қарамастан, интернетте Трамптың жеңісін «ұрлады» делінетін алып-қашпа әңгімелер басылар емес. Республикашылдар мен Дональд Трамп штабы бірнеше штатта сотқа арызданған. Бірақ олардың бір де бір шағымы қанағанттандырылмады.

Президент сайлауының ресми нәтижесі жарияланбаса да, америкалық медиа демократ Джо Байденнің жеңіске жеткенін болжап қойды. Трамп жеңілгенін мойындағысы келмейді.

XS
SM
MD
LG