Ссылки доступа

Ресейден Душанбеге әуе билеттері алдын ала тіркеусіз сатыла бастайды


Икром Субхонзода
Икром Субхонзода

Ресейдегі тәжікстандық мигранттар Душанбеге ұшатын чартерлік рейстерге билеттерді алдын ала тіркеусіз сатып ала алады. Осылай деп Тәжікстанның Азаматтық авиация агенттігінің басшысы Икром Субхонзода мәлімдеді.

Осыған дейін еліне қайтқысы келген тәжік азаматтары чартерлік рейстерге тек алдын ала тіркеуден өткеннен кейін ғана билет ала алатын.

Субхонзода бүгінгі күні "Сомон Эйр" әуе компаниясы чартерлік рейстер үшін билеттерді 395 еуродан сатып жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, билет бағасы тұрақты рейстер ұша бастағаннан кейін ғана арзандайды.

Қазан айының аяғында билеттердің қымбаттығына шағымданған азаматтарға жауап берген әуе компания өкілі ұшақтар Ресейге бос ұшып жатқандықтан, қызмет көрсету ақысы 40 процентке көтерілгенін білдірген.

Тәжікстан коронавирус инфекциясының жайылуын алдын алу мақсатында әуе рейстерін наурыз айының аяғында тоқтатқан. Әзірге Ресей мен Тәжікстанның ортасындағы тұрақты әуе байланысы қашан қалпына келетіні белгісіз.

XS
SM
MD
LG