Ссылки доступа

Әзербайжан Калбажар ауданынан армян әскерін шығару мерзімін ұзартуға келісті


Баку Таулы Қарабақтағы Калбажар (армянша «Карвачар») ауданынан армян әскерін және халқын шығару мерзімін 25 қарашаға дейін ұзартуға келісті. Бұл туралы Әзербайжан президентінің сыртқы саясат мәселелері бойынша көмекшісі Хикмет Гажиев мәлімдеді.

Оның сөзінше, Армения мұндай өтінішін Ресей арқылы білдірген. Калбажар ауданынан Арменияға кеткен жалғыз ғана жол болғандықтан, әскерді белгіленген уақытта шығарып алып кету мүмкін болмады.

Әзербайжан, Армения және Ресей қол қойған Таулы Қарабақтағы соғыс әрекеттерін тоқтату туралы келісімге сәйкес, армян әскерлері Калбажар ауданынан 15 қарашаға дейін шығарылуы керек болған.

Әзербайжанның қорғаныс министрлігі бұл ауданға өз әскерін жайғастыруды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG