Ссылки доступа

Өзбекстан «Оскарға» ұсынылатын фильмдер тізімін жариялады


Өзбекстан АҚШ-тың киноматография өнері мен ғылымы академиясының «Оскар» сыйлығына ұсынылған фильмдердің қысқа тізімін жариялады.

Жахонгир Касимовтың «Ибрат» фильмі, Аюб Шахобиддиновтің «Ақ-қара түстер» фильмі және режиссер Ёлкин Туйчевтің «Фариданың екі мың әні» фильмдері «Оскар» сыйлығының «Үздік халықаралық көркем фильм» номинациясына ұсынылуы мүмкін.

«Оскар» сыйлығына таласатын фильмдер 2021 жылдың 20 сәуірінде Лос-Анджелесте анықталады.

Өзбекстан қай фильмді «Оскар» сыйлығына ұсынатынын биыл 20 қарашаға дейін анықтауы тиіс.

Алғаш рет «Оскар» сыйлығына Өзбекстаннан Умид Хамдамовтың «Ыстық тандыр нан» фильмі ұсынылған.

XS
SM
MD
LG