Ссылки доступа

Қырғыздың қаржы полициясы елден заңсыз ақша шығаруға қатысты тағы бір қылмысты әшкереледі


Қырғызстанның қаржы полициясы тауар ақысын төлеміз деген желеумен шетелге заңсыз ақша шығарған қылмыстық топты әшекереледі.

Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ 23 млн долларды (1 млрд 633 млн 563 мың сом) шетелге заңсыз шығарған.

«Аталған қылмыстық топтың заңсыз әрекеті салдарынан мемлекет бюджетіне 347 млн сом шығын келді. Тергеу жүріп жатыр. Қылмысқа қатысы барлар анықталады», - делінген қаржы полициясының хабарламасында.

Мәліметтерге қарағанда, 12 қарашада ақшаны шетелге заңсыз шығарды деген күдікпен Т.М. есімді азамат ұсталды. Ол Бішкектегі №1 тергеу изоляторына түсті.

Қараша айының басында қаржы полициясы Қырғызстаннан шетелге заңсыз ақша шығарған қылмыстық топ мүшелері ұсталғанын жариялаған. Бұл топ 180 млн долларды Қытайға тауар сатып аламыз деген желеумен шығарған. Соның салдарынан мемлекет бюджетіне 1,1 млрд сом түспей қалған.

XS
SM
MD
LG