Ссылки доступа

Қырғызстан Өзбекстаннан гуманитарлық көмек алды


Өзбекстанның тағы бір гуманитарлық көмегі Бішкекке жетті. Бұл туралы қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі елдің президенттері гуманитарлық жүк жеткізу туралы келісімге отырған. Гуманитарлық жүкте дәрі-дәрмек, коронавирусты анықтайтын тест жүйесі, қорғаныш киімдері, маскалар, шприцтер бар.

«Коронавирус инфекциясымен күреске қажетті гуманитарлық көмек бұған дейін де келген. Өзбек тарапының көмегін ерекше атап өтуге болады. Олар қиын сәтте көмегін аямай, бауырлас халықтар достығын нығайтты», - деді вице-премьер-министр Эльвира Сурабалдиева.

Бұның алдында Қырғызстан Ресейден 500 ПЦР-тест жиынтығын алған. Ол 50 мың зертханалық зерттеу жүргізуге жетеді.

Қырғызстанда қазан айынның басында коронавирус жұқтырғандар тағы да көбейді. Мамандар эпидемияның екінші толқыны басталғанын ескертті. Бюджет қаражаты жетіспей жатқан Қырғызстан үкіметі шетелден гуманитарлық көмек сұрауға мәжбүр.

XS
SM
MD
LG