Дегенмен қамаудағылардың туыстары кездесуге бару үшін коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама көрсетуі тиіс.
Тәжікстан билігі 31 наурызда түрмелер мен колонияларды отырғандарды туыстарымен кездестіруге уақытша тыйым салған. Бұған коронавирус пандемиясы себеп болды.
Республиканың жазаны орындау басқармасы басшысының орынбасары Илхом Махмудовтың айтуынша, қамаудағылармен кездесуге рұқсат берілді.
Қамаудағылардың туыстары тамақ, қажетті заттар алып келе алады. Дегенмен кездесу кезінде тазалық талаптары сақталуы тиіс. Кездесуге келетіндер бір тәулік бұрын коронавирус бар-жоғын анықтайтын тексеруден өтуі керек.
Биыл маусым айында жергілікті ақпарат құралдары Тәжікстан түрмелерінде 11 жазасын өтеуші мен үш қызметкер коронавирустан қайтыс болды деп хабарлаған. Дегенмен тәжік билігі бұл мәліметті жоққа шығарды.