Ссылки доступа

Ақ үй коронавирус вакцинасы жыл соңына дейін дайын болатынын хабарлады


АҚШ президенті Дональд Трамп халыққа коронавирусқа қарсы вакцина егу келесі жылдың сәуірінде басталатынын айтты.

АҚШ президентін сайлауда жеңіске жетті деп жарияланған демократ Джо Байден де өз әкімшілігінің вакцина дайындау барысындағы жетістіктері туралы мәлімдеді.

Бір апта бұрын АҚШ-тың Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech компаниясы бірлесіп жасаған вакцина сынақтың үшінші кезеңінде 90 пайыз сәтті нәтиже бергені жарияланған.

Америкалық тағы бір Moderna компаниясы жасап жатқан вакцинасының тиімділігін келесі аптада жариялауды көздеп отыр.

Трамптың айтуынша, Pfizer вакцинасын пайдалануға ресми түрде рұқсат берілуі мүмкін.

Ақ үйдің вакцина жасау жөніндегі бағдарламасының басшысы Монсеф Слауидің хабарлауынша, АҚШ-та жыл аяғына дейін екі вакцина ресми түрде мақұлдануы мүмкін.

Оның айтуынша, келесі айда 20 миллион дана вакцина медицина қызметкерлері мен халыққа таратылады.

XS
SM
MD
LG