Ссылки доступа

Өзбекстан: Гафур Гулям саябағына тұрғын үй салынбайды


Ташкенттегі Гафур Гулям атындағы мәдениет және демалыс саябағы
Ташкенттегі Гафур Гулям атындағы мәдениет және демалыс саябағы

Өзбекстанның мәдениет министрлігі Ташкенттегі Гафур Гулям (бұрынғы "Мирзо Улугбек") атындағы саябаққа тұрғын үй салынады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді.

"Бұл ақпарат жалған. Бірақ саябақта құрылыс жұмысы жүріп жатқаны рас. Керісінше саябақты жаңартып жатырмыз. Ондағы жоспарға сәйкес, ешқандай тұрғын үй салынбайды", - делінген мекеме таратқан мәліметте.

Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде саябақты сүріп, орнына тұрғын үй салынады деген ақпарат қоғам наразылығын туғызған.

Мәдениет министрлігі саябаққа жөндеу жұмысы кезінде ешбір тал мен өсімдіктер зиян шекпейтінін жеткізді.

Алайда саябақтың жаңа қожайыны аумақ маңындағы мейрамхана, кафе иелеріне он күн ішінде ғимаратты босатуды талап етіп, бәрі сүрілетінін ескерткен.

Саябақта жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан ондаған кәсіпкер қарамағымыздағы жұмысшылар жұмыссыз қалады деп алаңдап, шағым түсірді.

XS
SM
MD
LG