Ссылки доступа

Тәжік аудиториясына арналған "Ахбор" тәуелсіз сайты жабылды


Мирзо Салимпур
Мирзо Салимпур

"Ахбор" сайтының бас редакторы Мирзо Салимпур тәуелсіз басылым жабылады деп мәлімдеді. Оның сөзінше, сайт Тәжікстанның Жоғарғы сотының шешіміне байланысты жабылады. "Ахбор" жаңалықтар сайты төрт был бұрын Прагадан ашылған.

Мирзо Салимпур сайтына қатысты Жоғарғы сот шешім шығарғаннан кейін, көптеген заңдық проблемалар туындағанын айтады.

"Негізсіз шешімге байланысты журналистер еркін материал жібере алмай жатыр. Ал сарапшылар мен шенеуніктер біздің сұрақтарымызға жауап беруден қашып жатыр. Оларды тыйым салынған сайтпен әріптестік орнатты деп айыптауы мүмкін", - деді "Ахбор" сайтының бас редакторы.

Мирзо Салимпур алдағы уақытта жаңа веб-сайт ашатынын жариялады. Оның сөзінше, жаңа сайт та тәуелсіз болады, Тәжікстандағы өзекті мәселелер қозғалады.

Биыл жазда Тәжікстанның бас прокуратурасы Салимпурдың туыстарына "Ахбор" сайтымен әріптестік жасамауды талап етіп ескерту жасаған. Ол бұл жөнінде тәжік қоғамына жасаған ашық хатында айтқан.

Мирзо Салимпур Азаттық радиосының Душанбе бюросында, кейін Прагадағы штаб пәтерінде жұмыс істеген. Мамандығы бойынша экономист. Хеллман – Хэммет атындағы сыйлықтың (1995 жыл) иегері.

Халықаралық ұйымдар соңғы жылдары Тәжікстан билігін сөз бостандығына шектеу қойып, журналистерін қуғындап келе жатқаны үшін сынап келеді.

XS
SM
MD
LG