Ссылки доступа

Қазақстан мен Қырғызстан шекарада жүк тасымалдаудағы кедергілерді жоймақ


Қырғызстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ниязалиев Қазақстанның осы елдегі елшісі Қайрат Нұрпейісовті қабылдады.

ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, кездесу барысында тараптар қырғыз-қазақ шекарасынан жүк көліктерін өткізу мәселесіне тоқталған.

Нұрлан Ниязалиев қазақ тарабына шекарада көлік кептелісін болдырмау үшін тиісті шаралар қолдануды сұраған.

"Тараптар Қырғызстан мен Қазақстанның тұтынушылары, кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы өкілдеріне пандемия тұсында болып жатқан кедергілерге қарамастан барынша жағдай жасау маңызды екенін атап өтті", - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан шекаралас аймақтарда коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты қараша айының басынан бастап шектеулер енгізген.

XS
SM
MD
LG