Ссылки доступа

Өзбекстан бюджет қызметкерлерінің спортпен шұғылдануын бақылауға алады


Өзбекстанның спорт және дене шынықтыру министрлігі мемлекет қызметкерлерінің спортпен шұғылдануын бақылауда ұстайды.

Министрлік мәліметі бойынша, 16 қарашада Өзбекстан президентіне қарасты Мемлекет қызметін дамыту жөніндегі агенттігі меморандум қабылдады.

Меморандумға сәйкес, министрлік пен агенттік мемлекет қызметкерлерінің дене шынықтырумен, спортпен үнемі шұғылдануын бақылауға алады.

Бұған қоса, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бір қызметкерге «Спорт промоутері» міндеті жүктеледі. Оның жалақысына 20 пайыздық үстеме қосылады.

Биыл 20 қазанда президент Шавкат Мирзияев салауатты өмір салты туралы жарлыққа қол қойды. Құжатта республика тұрғындарына дене шынықтырумен, спортпен шұғылдануға жағдай жасай мәселесі айтылған.

18 жасқа толғандар арасында ай сайын ең көп жүрген адамдардың электронды әмиянына ақша түсіп отырады.

XS
SM
MD
LG