Ссылки доступа

Қырғызстан бюджетінде несие ұйымдарына берешектерді қолдау үшін 1,2 млрд сом қарастырылады


13 қарашада қаржы-несие ұйымдарынан қарыз алып, пандемияға байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезінде ақшаны қайтара алмаған берешектерді қолдау жөнінде үкімет қаулысы бекітілді.

Құжат үкіметтің ресм сайтында жарияланды.

Қаулыда қаржы-несие ұйымдарына, лизинг компанияларына және ломбардтарға 1 қазанға дейін 100 мың сомман аз несие алғандардың берешегін кешіруге, 2020 жылдың желтоқсан айы мен 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларына пайыздық үстеме қоспауға, сонымен бірге берешектер тізімін дайындап, оны Ұлттық банкке тапсыруға кеңес берді.

Ұлттық банк қаржы министрлігіне судсидия туралы келісім жасау үшін қаржы-несие ұйымдарының тізімін береді. Қаржы министрлігі 2021 жылдың бюджетінен 1 млрд 253 млн 216 мың сом қарастырады.

9 қарашада Нарын қаласының тұрғындарымен кездескен премьер-министр Садыр Жапаров үкімет несие ұйымдарына бершегі барларды қолдау үшін 1,2 млрд сом бөлетінін айтқан.

2020 жылдың республикалық бюджеті 27,7 млрд сом дефицитпен қабылданды.

XS
SM
MD
LG