Ссылки доступа

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды


Bank RBK-дан шамамен 144 млрд теңге (329,5 млн доллар) ұрлау ісін қараған Алматыдағы сот бұрынғы банкир Жомарт Ертаевты 11 жылға соттады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Прокурор Ертаевты 11 жылға соттауын сұраған. Мемлекеттік айыптау сотталушының кінәні мойнына алғанын, тергеуге көмектескенін, шығынның бір бөлігін жапқанын, кәмелет жасқа толмаған балалардың әкесі екенін ескерген.

Бұл іс бойынша сот процесі 2019 жылдың желтоқсанында басталды. 37 адамға айып тағылған, олардың біреуі сот үкімі шыққанға дейін қайтыс болды.

Тергеу мәліметі бойынша, қаржы қылмысы 2011-2017 жылдары жасалған. Соның салдарынан банк 143,3 млрд теңге шығынға ұшыраған.

Жомарт Ертаевтың өзі бұл банкте ешқашан жұмыс істемегенін айтқан. Оны 2018 жылдың қарашасында Мәскеуде ұстады. Ол босқын мәртебесінен айрылды. Ресейдің Бас прокуратурасы кәсіпкерді Қазақстанға беру туралы шешім шығарды. 15 наурызда ол экстрадицияланды. Содан бері Жомарт Ертаев қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG